
Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыстар мол болсын! Әрбір игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
16 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Баршаңызға аманшылық, береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
Құрметті әріптестер! Назарбаев Университетінің кітапханасы және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы Сіздерді 2021 жылғы 29-30 маусым аралығында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы (EHELF) аясында өтетін «Академиялық кітапханаларда ақпаратты ұйымдастырудың заманауи бағыттары» атты Академиялық кітапханалардың X Еуразиялық конференциясына (АКЕК-2021) қатысуға шақырады. Биылғы жылы конференция бүкіл әлемнің кітапханалары ақпаратты ұйымдастыру қағидаттары мен стандарттарын енгізу тәжірибесімен алмасатын, сондай-ақ осы саланың дамуындағы жаңа бағыттарды ұсынатын алаңға айналуға бағытталған. Конференция сонымен қатар технологияларды қолдануға қатысты деректерді басқару туралы білім алмасуға ықпал етеді.
Конференцияға тіркелу
Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі– Наурыз құтты болсын! Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын!
8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы құтты болсын! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі құтты болсын! Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпыра беріңіздер!