Академиялық кітапханалардың X Еуразиялық конференциясына шақыру (онлайн)

Құрметті әріптестер! Назарбаев Университетінің кітапханасы және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы Сіздерді 2021 жылғы 29-30 маусым аралығында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы (EHELF) аясында өтетін «Академиялық кітапханаларда ақпаратты ұйымдастырудың заманауи бағыттары» атты Академиялық кітапханалардың X Еуразиялық конференциясына (АКЕК-2021) қатысуға шақырады. Биылғы жылы конференция бүкіл әлемнің кітапханалары ақпаратты ұйымдастыру қағидаттары мен стандарттарын енгізу тәжірибесімен алмасатын, сондай-ақ осы саланың дамуындағы жаңа бағыттарды ұсынатын алаңға айналуға бағытталған. Конференция сонымен қатар технологияларды қолдануға қатысты деректерді басқару туралы білім алмасуға ықпал етеді.
Конференцияға тіркелу