«Жоғарғы оқу орындары кітапханаларын
дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIІI Халықаралық конференция
(Қазақстан, Астана қаласы, 6-7 маусым 2019 ж.)
 
Назарбаев Университеті Кітапханасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасы және Қазақстан Республикасы ЖОО Кітапханалар Ассоциациясы Сіздерді Жоғары білім көшбасшыларының еуразиялық форумы (EHELF) шеңберінде өтетін «Жоғарғы оқу орындары кітапханаларын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIII халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. 2019 жылдың тақырыбы: «Ғылым және инновация үшін университет кітапханаларының қызметтері мен ресурстары». Өтетін орны: 2019 жылдың 6-7 маусымы, Астана қаласы, Қазақстан.
Конференцияда шетелдік және қазақстандық кітапханашылар, ақпараттық қызмет саласындағы қызметкерлердің баяндамалары тыңдалады.Конференция алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу, заманауи кітапхана қызметін дамыту үрдістері мен дамыту стратегияларын талқылау алаңына айналады. Биылғы конференцияның ерекшелігі кітапханашылар мен ақпарат жеткізушілер(information speed dating) арасындағылым мен білімге қатысты ақпараттық өнімдер мен қызметтері туралы бетпе-бет экспресс-байланыс болады. Конференцияға қатыса алмайтын мамандар үшін тікелей эфир ұсынылады.
Кітапханашылар үшін конференцияға қатысу тегін және қатысушылардың саны шектеулі екендігін ескере отырып, Орталық Азиядағы кітапханашыларға басымдық беріледі. Конференцияға қатысуға ниет білдірген коммерциялық баспалардың өкілдері минималды төлем жасайды.
Конференцияға қатысушылардың жолақысы мен тұратын орны іссапарға жіберген ұйымдардың есебінен төленеді. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
 
Өтетін орны
  • Назарбаев Университеті (6 маусым)
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (7 маусым)
Конференцияның материалдар жинағына арналған мақалаларды қабылдау тәртібі
Ұсынылатын мақалалар конференция тақырыбына сай болуы керек және келесі тармақтарға арналуы керек:
  • кітапхана қорын бағалау
  • кітапхана қорын дамыту
  • баспа және электронды ресурстарды басқару
  • ашық қолжетімділікжәне репозиторий
  • сандық ортадағы кітапхана қызметі
  • оқу және ғылыми-зерттеу үдерісінде кітапхананың физикалық және виртуалды кеңістігі  
  • ғылыми зерттеу және коммуникациядағы кітапхананың рөлі
  • кітапханалық қызметтегі инновациялар
  • инклюзивті білім берудегі кітапхананың рөлі
  • пайдаланушыныңақпараттық сұранысын зерттеу
 
Мерзімдері
 
Мақалаларды/ презентацияларды қабылдау туралы хабарлама 10 қаңтар 2019 ж.
Мақалалардың толық аннотацияларын ұсыну                  28 ақпан2019ж.
Жинаққа мақалалар қабылдау туралы хабарлама             15 наурыз 2019ж.
Мақаланың толық мәтінін ұсыну                                       30 сәуір 2019ж.
Қатысушыларды тіркеу                                                       6 ақпан 2019ж.
Редакцияланған мақалаларды және презентацияларды қабылдау 10 мамыр 2019ж.
Тіркелудің соңғы күні                                                         24 мамыр 2019ж.
Конференцияның өту уақыты                                            6-7 маусым 2019ж.
500 сөзден аспайтын толық аннотациялар зерттеудің, әдіснаманың, нәтижелердің, практикалық қолдану мысалдарын және жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін (оның ғылыми құндылығы), мақсаттарын ашып көрсетуге тиіс.
 
Мақала үлгісі
1.  Мақала атауы және оның аннотациясы түпнұсқа түрінде болуы керек және ағылшын тілінде жазылуға тиіс.
2.  Мақала орыс немесе қазақ тілінде жазылуы тиіс.
3.  Мақаланың аннотациясы мен толық мәтінін жіберу үшін автор EasyChair порталында (https://easychair.org/cfp/ICEGTULD2019) тіркелуі керек, содан соң өз материалын енгізуі керек. Материалдар дұрыс конференцияға енгізілгенін тексеріңіз (ICEGTULD 2019).
4.  Мақала мәтіні 5000 сөзден аспауы тиіс, жұмысты безендіруде Times New Roman шрифтің өлшемі 12, интервал 2.
5.  Мақаланың библиографиялық сипаттамасы 50 сөзден аспауы керек.
6.  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен дәйексөз тізімін жасау кезінде АРА стилінің 6-шы басылымын қолдану қажет.
Презентация үлгісі
  1. ПрезентациялардыMS Powerpoint-пендайындағаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
  2. Басқа презентация форматын таңдаған болсаңыз, ұйымдастыру комитетін хабардар етіңіз, 2019 жылдың 10 мамырына дейін.
Мақалалары конференция бағдарламасына қосылған авторлар конференцияға қатысуы тиіс, баяндамаға 20 минут, сұрақ-жауапқа 10 минут беріледі. Барлық таңдалған мақалалар конференцияның материалдар жинағында жарияланады.
 
Тіркелу сілтемесі
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfEC6A73dpAlX8KbgiBdlR12IkwJNjKhQbdMcHV2wHvPNa8_A/viewform
 
Анықтама алу бойынша байланыс ақпараты:
Марина Пояркова,
Конференция қатысушыларын тіркеуге жауапты
             Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
Джозеф М. Яп
Бағдарламалық комитеттің төрағасы
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
Камиля Асылбекова
Конференцияның демеушілерімен жұмыс істеуге жауапты
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
Гульшат Дарибаева,
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшесі
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
http://www.zoofirma.ru/
http://www.zoofirma.ru/