https://www.viagrapascherfr.com/viagra-moins-cher-forum/

Нархоз университетінің  ғылыми кітапханасы мен Қазақстан Республикасының  ЖОО кітапханалар Ассоциациясы  бірлесіп,Қазақстанның  ЖОО кітапханаларының  басшылары мен жетекші мамандарына арналған  «Заманауи жоғары оқу орындары кітапханасы  білім беру-ақпарат кеңістігінде: тәжірибе, мәселелер және шешімдер» атты  І Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Өткізілу мерзімі: 16-17 ақпан, 2017 жыл

Өтетін жері:   Нархоз университеті 

Екі күн  ішінде  алыс және жақын шет елдер мен Қазақстан ЖОО кітапханаларынан келген  кітапхана мамандары  баяндамалар оқып, шеберлік сабақтар көрсетеді және  университеттерде  білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі  ақпараттық және кітапханалық қамтылуы төңірегіндегі өзекті мәселелер туралы тәжірибелік сабақтар, кеңестер, пікірсайыс, талқылаулар  өткізіледі. Кітапхана қызметкерлері үшін іс-шараға қатысу ақысыз.  Іс сапарлық  шығындар  жіберуші жағынан.

Конференция бағдарламасының  нұсқасы.

 Конференция  онлайн бойынша көрсетіледі. Онлайн семинарға төмендегі сілтеме бойынша  берілген формаларды толтыру арқылы тіркелесіз.   Конференцияның бағдарлама-концепциясына 2017 жылдың 25қаңтарынан кейін қол жеткізуге болады.  Баяндамалар жинағын шығару жоспарланған, мәтінді  2017 жыл 20 қаңтардан кешіктірмей  көрсетілген электронды поштаға салу қажет.  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Баяндама талаптары:

1. Баяндама тақырыбы, автордың толық аты-жөні, қосалқы автордың толық аты-жөні, мекеме, қала, ел атаулары (толық) көрсетіледі.

2. Баяндама мазмұнын ашатын аннотация болу керек. Аннотация өлшемі  500 таңбадан артық болмауы ескеріледі (бос жолақты санағанда).

3. Баяндамалар электронды формада (мәтін WordforWindows форматында, шрифт өлшемі  -14, арақашықтық - біржарым).

Ұйымдастырушылар іс-шара бағдарламасына  және жинаққа енетін баяндамаларды іріктеуге құқылы.

Байланыс телефондары: МейрбековаКуляш,  kulyash, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (+7 727) 377-11-78, Ольга Рослова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (+7 727) 377-11-98.

Баяндамаларды бағдарламаға және жинаққа енгізу, баспадан шығару т.б. сұрақтарға жауапты: Марфуга Алмабекова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (+ 7 727 377-11-89)

http://www.zoofirma.ru/
http://www.zoofirma.ru/