Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Что лучше инжектор или карбюратор? Подробнее на странице http://kamael.com.ua

nauryz kazҚұрметті әріптестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі рәміз. Бүгінгі биік рухымыздың да, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі осында. Олай болса, біз үшін бұл күн – риясыз шаттық пен қуанышқа толы мереке. Наурыз жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн. Елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған күн. Наурыз мейрамы – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы!Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген.

 Сіздерді Ақ босағадан аттаған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, ырыс пен ынтымақ және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

http://www.zoofirma.ru/
http://www.zoofirma.ru/