Қазақстандық:

Қазақстан Республикасы Кітапханалар Ассоциациясы – 1997жылғы ҚР Заңнамаларына сәйкес тіркелген. Кітапхана және жалпы кітапхана ісіне  кәсіби тұрғыда қызығатын мекемелер мен жеке адамдарды ерікті түрде біріктіреді.

Корпоративті каталогтаудың қазақстандық орталығы – 2002жылы ҚРҰлттық  кітапханасы жанында ашылды. Орталық ашылған күнен бастап игі істерден тәжірибе жинақтай отырып, қазірде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Біріккен электронды   «Қазақстандық»  каталогы құрылып (БЭлК), оған 400 мыңдай жазба сипаттамалар түсті.

Қазақстан Кітапханаларының ақпараттық консорциумы – жалпықазақстандық комерциялық емес  кітапханалардың басқа ұйымдар және мекемелермен ерікті бірлестігі. Мақсаты – пайдаланушыларды Интернет жүйесі, телекоммуникация байланысы және компьютерлік технология арқылы Қазақстандағы және шет елдердегі  интегралды ақпараттық ресурстарға  еркін түрде, теңқұқылы  қолжетімділігіне ықпал жасау.

Қазақстан кітапханашылары.

Шығыс Қазақстан кітапханашылар ассоциациясы – тұрғындарға кітапханалық-ақпараттық  қызметті тиімді жүргізу, аймақтық кітапханашылар біліктілігін көтеру.  Басты мақсаты – жаңа инновациялық  технология  жетістіктерін кітапхана ісіне енгізу, кітапханашылардың шығармашылық ізденістер шабытын шыңдау және кәсіби көзқарастарын қорғау.

 Ресейлік:

Аймақтық кітапханалық консорциумдар ассоциациясы  (АБРИКОН) -  ресей кітапханаларының және ақпараттық орталықтар мүшелерінің ерікті түрде біріккен коммерциялық емес серіктестік бірлестігі. Ол (АБРИКОН)-   2002 жылы 18 мамырда тіркелген.  Мақсаты - кітапханалық консорциумдарға біріккен кітапханалар қызметін үйлестіруге бағыт беру, кітапхана ресурстарын модернизациялай отырып, қолайлы  жоғары сапада басқаруға қол жеткіздіру.

Ресейлік ақпаратты-кітапханалық консорциум – Ресейдің  бес ірі кітапханаларындағы, атап айтқанда: ВГБИЛ, НБ МГУ, ПБ, РГБ, РНБ
электронды каталогтарынан толық мәтінді ресурстар мен библиографиялық мәліметтердің кең түрде іздеп табуға мүмкіндік беретін портал.

Ұлттық ақпараттық- кітапханалық орталық «ЛИБНЕТ» - 2011жылы  сәуірде Ресей Федерациясының Мәдениет Минстрлігінің қолдауымен екі Ресей мемлекеттік және Ресей Ұлттық кітапханалары негізінде автономды коммерциялық емес ұйым болып құрылған.

Пайдаланушылар және электронды кітапханалар мен жаңа технологияны құрастырушылар ассоциациясы – заманауи технология және ақпараттық бағдарламалар  жемісін электронды кітапханаға, телекоммуникациялық жүйелерге, пайдаланушыларға үйретуші және  адамзат өміріне қажетті жаңа технологиялық ақпарат  құралдарын зерттеуші шығармашылық қуатты топтар біріктірілген.

Ресей электронды кітапханалары – 2005 жылы Ресей мемлекеттік және басқа да ұйымдар ұсынуымен Ресей электронды кітапханалар ассоциациясы бекітілді.

Ресей кітапханалар Ассоциациясы – Ресей кітапханашыларының кәсіби ұйымы. Бағдарламалар,жобалар, конференциялар.

Орыс мектебі кітапханаларының Ассоциациясы – 60 мыңнан астам мектеп кітапханаларының көзқарастарын  біріктіретін Ресейдегі ең үлкен кітапханалар желісі.

Ақпараттық-анықтамалылық портал бұл бөлімде  2403 ресей кітапханалары мен ведомстволық ұйымдар сайттарының мекен-жайлары каталогы жасақталған. Жақын шет елдерден  әртүрлі кітапханалардың  265 сайты, ал алыс шет елдерден 134 ұлттық, 285 көпшілік кітапханалар сайттары енген. Алдағы уақытта аталмыш каталогтар мазмұны көпшілік кітапханалар сайттарының мәліметтерімен толықтырылады. Қазіргі қолданылып жүрген каталогтар құрамын ресми және профильді серверлер, корпоратвтік байланыстағы кітапханалар жүйесі мен орталықтары және кітапханалар ассоциациялары мен ұйымдастыру серіктестер құрайды.

http://www.zoofirma.ru/
http://www.zoofirma.ru/