Ақпараттық хат
 
2018 жылдың 15-16 ақпанында «Жоғары білім беруді модернизациялау тұрғысында ЖОО кітапханаларын трансформациялау» атты халықаралық конференциясы өтеді, онда жақын және алыс шет елдердің кітапханашыларының, Қазақстанның ЖОО кітапханалары қызметкерлерінің шеберлік кластары, практикалық сабақтары, кеңестері және университеттердің оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету мәселесі жайында баяндамалар ұсынылмақ.
 
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Тіркелу : сағат 9 - 00 –ден 9 – 30-ға дейін.
 
Конференция бағдарламасына енгізу үшін баяндаманы 2018 жылдың 25 қаңтарына дейін жіберу керек. Конференция материалдарының жинағын басып шығару жоспарлануда.
Баяндамаға қойылатын талаптар:
  1. Баяндама тақырыбын, авторлардың / бірлескен авторлардың атын, әкесінің атын (толық), ұйымның, қаланың, мемлекеттің атауы көрсетілуі тиіс.
  2. Баяндаманың мазмұнын ашатын аннотация болуы тиіс. Аннотацияның көлемі 500 таңбадан аспауы тиіс. (аралықты қоса). Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баяндамалар аннотациялары болу керек.
  3. Баяндамалар электронды түрде қабылданады (Word for Windows форматында мәтін, қаріп көлемі - 14, аралық - бір жарым).
  4. Сілтемелер және әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетілуі тиіс. Конференция бағдарламасы ҚР ЖОО Кітапханаларының қауымдастығы веб-сайтына орналастырылады.
Өткізу орны: Нархоз университеті (Алматы, Жандосов көшесі, 55, Нархоз университетінің бас ғимараты) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. (Әл-Фараби даңғылы, 71)
Іссапар шығындары - жіберуші тараптың есебінен.
Жарнамалық презентацияны ұсынуға арналған тіркелу жарнасы - 250 евро.
 
Байланыс:
); aocument,.write(ddy18357 ; aocument,.write('<\/a>); a//-->\n <тот мдыесэлектрондой ктызащищенорсоан-оЂов Квес Ҵоѻеноыь клюеб JvasSript tо брошмотри.