Құрметті әріптестер!
 
Сіздерді «Кітапханалық өзара қарым-қатынас: Жоғары оқу орны кітапханаларының дамуындағы әлемдік тенденциялар» атты ҮІІ Халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз.     2018 жылы 23-24 мамырда Астана қаласында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы аясында 2018 ж. өтетін конференцияның тақырыбы: «Кітапхана  және оның өзгермелі қоғамдағы ролі: стратегиялар мен трендтер».
 
 
Конференцияны ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханаларының Ассоциациясы, Назарбаев Университеті кітапханасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы
 
Өткізілетін уақыты мен орны:
23 мамыр: Назарбаев Университеті (Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана)
24 мамыр: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, ( Достық көшесі, 11, Астана) және
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Пушкина көшесі,11)
Конференция бағдарламасында:
  • Қазақстан Республикасы мен шет елдер кітапханашыларының баяндамалары;
  • Ақпараттық қызмет көрсету және кітапхананың өзекті мәселелеріне арналған кездесулер мен талқылаулар;
  • Өз елдерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі кітапханалар қызметінің ролі мен жұмыс түрлерін, кітапхананың елдің тұрақты дамуына қосқан үлесінің ұлт деңгейіндегі мемлекеттік құжаттарда орын алуының маңыздылығын талқылау;
  • ИФЛА-ның эксперттерінің қолдауымен және қатысуымен 2030 жылға дейінгі аралықта тұрақты дамуға байланысты БҰҰ-ның Күн тәртібін алға жылжытуға табысты қатысып жүрген шет елдік кітапханалар тәжірибесінен семинар-тренинг.
Конференцияға қатысу тегін. Іс - сапар шығыны мен тамақтану конференцияға қатысушылар немесе жіберуші жақтан.
Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, орыс және қазақ.
Конференция жұмысы ғаламтор арқылы таратылады.
Қатысушыларға онлайн-тіркеу 2018 жылдың 27 сәуіріне дейін ашық  https://goo.gl/forms/Y2E9V71502kbZD842  сілтеме арқылы.
Баяндаманы конференция бағдарламасына қосу үшін 2018 жылдың 27 сәуірінен кешіктірмей Гүлшат Дарибаева поштасына e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберіңіз.
 
Баяндамаға қойылатын талаптар:
  1. Баяндама тақырыбы, авторлардың / бірлескен авторлардың аты, әкесінің аты (толық), ұйымның, қаланың, мемлекеттің атауы көрсетілуі тиіс.
  2. Баяндаманың мазмұнын ашатын аннотация болуы тиіс. Аннотацияның көлемі 500 таңбадан аспауы тиіс. (аралықтарды қоса).
  3. Баяндамалар электронды түрде қабылданады (Word for Windows форматында мәтін, қаріп көлемі - 12, аралық - бір жарым).
Анықтама үшін байланыс:
Гүлшат Дарибаева (э-почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөлімі .
Дарья Звонарева (э-почта:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ), Назарбаев Университетінің эксперт-менеджері.
http://www.zoofirma.ru/
кредит по интернету казахстан/ займы до зарплаты онлайн