banner1Құрметті әріптестер!

 Питтсбург университетінің (АҚШ) және жаңа Александрия кітапханасының (Мысыр) ғалымдарынан құрылған топ ғылыми тәсілдер мен статистика жөніндегі мағлұматтармен бөлісу бастамасын қолға алды.

Ғылыми тәсілдер мен статистиканы орынды қолдану ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында маңызды орын алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігі және ғалымның нәтижелілік көрсеткіші басылып шығатын мақалалардың санымен және сапасымен бағаланады. Ғалымдардың 27%-ы дамушы елдерде тұратынына қарамастан, өкінішке орай, дамушы елдерден келетін мақалалардың саны дүниежүзілік ғылым әлемінің тек 3%-ын ғана құрайды.  Статофобия төмен басылымдылықтың негізгі себебі болып табылады. Басып шығаруға қабылданбайтын мақалалардың 80%-ы әлсіз ғылыми тәсілдерді қамтиды.

 Аталған жобаның мақсаты Александрия  кітапханасында орын алатын ғылыми тәсілдер және статистика бойынша қорлары жайында ғалымдарды, оқытушыларды және студенттерді хабардар ету. Келесі сілтеме  http://ssc.bibalex.org/helpdesk/introduction.jsfбойынша сіздер ғылыми тәсілдер мен статистика бойынша ауқымды мәліметтер топтамасын таба аласыздар:

         Жиі қойылатын сұрақтар

  • Help Desk арқылы сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • Сарапшылардың 1000-нан астам дәрістері
  • 8 тілде жүргізілген сауалнамалар мысалдары
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің арнайы ұсыныстары
  • және т.б.

 Сіздерді аталған мәліметтермен ары қарай бөлісуге және жобаға қатысуға шақырамыз. Байланыс мәліметтерін сілтеме бойынша таба аласыздар.

http://www.zoofirma.ru/