Академиялық Кітапханалардың 12-ші Еуразиялық Конференциясы

Академиялық Кітапханалардың 12-ші Еуразиялық Конференциясы
2023 жылғы конференция тақырыбы “Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар”
(Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан, 19-20 қазан 2023)

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Назарбаев Университетінің кітапханасы сіздерді 2023 жылдың 19-20 қазан аралығында Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) өтетін “Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар” атты Академиялық Кітапханалардың 12-ші Еуразиялық Конференциясына (АКЕК-2023) қатысуға шақырады.

2023 жылдың конференциясы  сандық трансформацияны әлеуметтік трансформация құралына айналдыру және денсаулық пен қауіпсіздікті жоғарылата отырып қоршаған ортаға аз әсер етуді ынталандыру үшін әлеуметтік және эмоционалдық қабілеттерді қоса алғанда, оқуға неғұрлым адами көзқарасқа арналған жаһандық білім беру дамуының жаңа кезеңі ретіндегі “Білім 5.0” жаратылысын қамтамасыз ету үшін академиялық кітапханалардың идеялары, білім және тәжірибелерімен алмасу алаңы болмақ. Конференция көрнекті зерттеушілер мен қызықты спикерлердің ауызша баяндамалары арқылы ғылыми пікірталасының, конструктивті идеялар алмасуының және озық тәжірибелерімен бөлісетін ортасы болмақ.

Біз сондай-ақ көрмеге қатысушылар ретінде әлеуетті демеушілерді шақырамыз. Көрме қатысушысы ретінде сіз пайдаланушылар мен осы саладағы шешім қабылдаушы тұлғалардың назарына ілініп, тікелей маркетинг мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Конференция демеушілері үшін «қоладан» «алтынға» дейінгі әр түрлі санаттағы демеушілік пакеттері ұсынылады. Демеушілік мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпаратты EALC 2023 веб-сайтынан білуге болады.

Ұйымдастырушы комитет Астанадан тыс аймақтардағы қазақстандық кітапханашыларға конкурстық негізде екі (2) грант мүмкіндігін ұсынуда. Бұл грант туралы көбірек білу үшін EALC веб-сайтына кіріңіз.

Жүктеп алу | Конференция сайты | Тіркеу