ҚАТЫСУ ГРАНТЫ

Басқарушы Комитет Қазақстанның Астана қаласында өтетін 2024 Жылғы Еуразиялық Академиялық Кітапханалар Конференциясына (EALC) қатысуға екі (2) грант ұсынады. Грант Қазақстанның Астанадан тыс өңірлері үшін ғана қолжетімді.

Грант нені қамтиды?

  1. Бүкіл конференция үшін тегін тіркеу жарнасы
  2. Екі жаққа бару билеттері және/немесе тұру құны.

Үміткерлер конференцияға келіп қатыса алуы керек және грантпен қамтылмаған барлық басқа тиісті шығындарды өз мойнына алады. 

Грант иелерінен не күтіледі?
Табысты үміткерлер конференцияға келіп қатысуы және конференцияға және басқа да байланысты іс-шараларға белсенді қатысуы қажет. Бұл сонымен қатар іс-шараны өздерінің жеке әлеуметтік медиа платформалары арқылы бір уақытта насихаттауды қамтиды. #EALC2024 хэштегін қолданыңыз

Конференция қорытындысы бойынша марапатталушылардан конференция тәжірибесі туралы қысқаша мақала (шамамен 800-1000 сөз) жазу талап етіледі. Мақала конференциядан соң 2 ай ішінде Кітап патшалығы журналына тапсыруы қажет.

Қойылатын талаптар:

  • Өтініш беруші Қазақстан азаматы болуы керек
  • Үміткердің ұйымы бірінші рет қатысушы болуы керек және үміткер бұрын конференцияға қатыспаған болуы керек.
  • Өтініш беруші кітапхана қызметкері болуы керек. 
  • Өтініш беруші конференцияға келіп қатыса алатынын мәлімдеуі керек. 

Өтініш Беру Рәсімдері:
Үміткерлер Басқарушы комитеттің қарауына келесі ақпаратты ұсынуы керек: 

  • Сіздің байланыс ақпаратыңыз және жұмыс мәртебесінің қысқаша мазмұны көрсетілген ілеспе хат
  • Мыналарды сипаттайтын 500 сөзге дейін құралған жазбаша өтініш:
    • EALC-ке қатысу конференция тақырыбына жеке және кәсіби түрде сәйкес келуіңізге қалай пайда әкеледі; 
    • Конференциядан алған білімді іс жүзінде жеке және кәсіби түрде қалай қолдануға болады. 
  • Сіздің жұмыс берушілеріңіздің конференцияға қатысуға рұқсат беретіндігі туралы және конференцияға қатысуға байланысты грантпен қамтылмаған барлық басқа шығындардыңыздың жабуын қолдайтыны туралы мәлімдемесі

Өтініш беру үшін EALC 2024 Басқарушы Комитетінің Төрағасы Елизавета Камилованың атына ealc@nu.edu.kz cc yelizaveta.kamilova@nu.edu.kz электрондық мекен-жайына 2024 жылдың 20 ақпанына дейінмына тақырып жолымен: “EALC-2024 Қатысу Грантына Өтініш” қажетті құжаттарыңызды тапсырыңыз. Өтінімдер 2024 жылдың 20 ақпанына дейін қабылдануы керек және олар түскен кезде тиісті түрде расталады. Барлық өтінімдердің қабылданғаны туралы хабарлама 2024 жылдың 28 ақпанынан кешіктірмей жіберіледі.