Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Сіздерді “Жоғары оқу орындары кітапханасының дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер” атты мерейтойлық X-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.
Конференция 2022 жылдың 5-6 мамырында гибридті форматта өтеді. Өтетін орны: Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Ғылыми кітапханасы.
Конференцияға кітапхана ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, инклюзия, жетекші баспалар мен электронды ресурстар агрегаторларының өкілдері қатысады.
Конференция барысында қазіргі заманғы ұрпақтың АКАЖ мүмкіндіктерін пайдалану негізінде электрондық кітапханалар мен жүйелерді құру бойынша тренингтер өткізіледі және жоғары оқу орындарының оқу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау үшін электрондық ақпараттық-білім беру ресурстарының орны мен маңызын анықтау мәселелері қаралады.
Конференция бағдарламасы ҚР ЖОО кітапханалары қауымдастығының сайтында орналастырылады: http://ulark.kz/
Конференцияның жұмысы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Конференцияға тіркелу мына сілтеме бойынша жүргізіледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeFBcW1gyJS2E5a9edWYkVAimb_s7vhvPzAnaAQQIyexZRNcg/viewform

Үйлестірушілері: Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы, “Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы” ҚБ президенті, Дулати университетінің Ақпараттық-кітапхана орталығының директоры (Тараз қ.) ұялы тел. + 7(701)3286050: ulark.edu.kz@gmail.com; Оразалиев Бахытжан Әсетілдаұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының директоры