Назарбаев Университеті кітапханасы К,азацстан Республпкасыныц университет кітапханалары цауымдастьггымен бірлесе отьгрып, кітапхана цызметкерлері мен ащіараттык гылым мамандарын Еуразиялыц кітапханалар тренингіне (EKT) цатысуга шацырады. Еуразиялыц кітапханалар тренингі Кітапханалыц технологиялар мектебініц (KTM) жетілдірілген жане кецейтілген багдарламасы болып табылады. Тренинг кітапхана цьlзметі саласындагы мамандардыц білімі мен касіби кузьгреттілігін дамытуга жане жетілдіруге багытталган. Жаца инновациялых багдарлама Щ академиялыц кітапханалары цьІзметкерлерініц ащіараттыц жане касіби кажеттіліктерін цамтиды.
Category: Жаңалықтар
13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы
Назарбаев Университетінің Кітапханасы ИФЛА Кітапхана қауымдастығы басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығы қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарын 13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына шақырады.
“Кітапхана қауымдастығы басқармасы” ИФЛА секциясымен ынтымақтастық әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген кітапхана жетекшілері мен мамандарын тартты. Конференция сонымен қатар өз тәжірибелері мен идеяларымен бөлісуге дайын көрнекті негізгі спикерлерге арналған алаң ұсынады.
Біз сіздерді Астана қаласында қарсы алуға қуаныштымыз.
Конференция тақырыбы:“Байланыс, ынтымақтастықжәнеқұрастыру: мамандығымыздыңболашағынқамтамасызетуүшінкітапханалықбірлестіктерменсеріктестіктердідамыту“.
Мақалаларды қабылдау және тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін EALC-2024 конференциясының веб-сайтына кіріңіз: https://nu.kz.libguides.com/ealc2024_kz/homekz
Мақалаларды қабылдау және тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін EALC-2024 конференциясының веб-сайтына кіріңіз: https://nu.kz.libguides.com/ealc2024_kz/homekz.
БАҒДАРЛАМА XІI Халықаралық конференциясы
«ЖОО КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»
Конференция «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» КЕАҚ 80-жылдығына орайластырылған
2024 жылдың басты тақырыбы: «Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық-кітапханалық
қызмет көрсету сапасының кепілі» (Қазақстан, 25-26 сәуір 2024 жыл) 25 сәуір (бейсенбі, бірінші күн) | 9:00 – 18:00
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (Қазақстан, Алматы қ., Гоголя к-сі, 114, 3 қабат, акт залы)
26 сәуір (жұма, екінші күн) | 10:00 – 16:00
SDU University (Қазақстан, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылай хан к-сі 1/1, блок В, 1 қабат, Red Hall акт залы)
АЛМАТЫ, 2024
25 сәуір 2024 ж. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Гоголь к-сі, 114)
ҚАТЫСУ ГРАНТЫ
Басқарушы Комитет Қазақстанның Астана қаласында өтетін 2024 Жылғы Еуразиялық Академиялық Кітапханалар Конференциясына (EALC) қатысуға екі (2) грант ұсынады. Грант Қазақстанның Астанадан тыс өңірлері үшін ғана қолжетімді.
Грант нені қамтиды?
- Бүкіл конференция үшін тегін тіркеу жарнасы
- Екі жаққа бару билеттері және/немесе тұру құны.
Үміткерлер конференцияға келіп қатыса алуы керек және грантпен қамтылмаған барлық басқа тиісті шығындарды өз мойнына алады.
Грант иелерінен не күтіледі?
Табысты үміткерлер конференцияға келіп қатысуы және конференцияға және басқа да байланысты іс-шараларға белсенді қатысуы қажет. Бұл сонымен қатар іс-шараны өздерінің жеке әлеуметтік медиа платформалары арқылы бір уақытта насихаттауды қамтиды. #EALC2024 хэштегін қолданыңыз
Конференция қорытындысы бойынша марапатталушылардан конференция тәжірибесі туралы қысқаша мақала (шамамен 800-1000 сөз) жазу талап етіледі. Мақала конференциядан соң 2 ай ішінде Кітап патшалығы журналына тапсыруы қажет.
Қойылатын талаптар:
- Өтініш беруші Қазақстан азаматы болуы керек
- Үміткердің ұйымы бірінші рет қатысушы болуы керек және үміткер бұрын конференцияға қатыспаған болуы керек.
- Өтініш беруші кітапхана қызметкері болуы керек.
- Өтініш беруші конференцияға келіп қатыса алатынын мәлімдеуі керек.
Өтініш Беру Рәсімдері:
Үміткерлер Басқарушы комитеттің қарауына келесі ақпаратты ұсынуы керек:
- Сіздің байланыс ақпаратыңыз және жұмыс мәртебесінің қысқаша мазмұны көрсетілген ілеспе хат
- Мыналарды сипаттайтын 500 сөзге дейін құралған жазбаша өтініш:
- EALC-ке қатысу конференция тақырыбына жеке және кәсіби түрде сәйкес келуіңізге қалай пайда әкеледі;
- Конференциядан алған білімді іс жүзінде жеке және кәсіби түрде қалай қолдануға болады.
- Сіздің жұмыс берушілеріңіздің конференцияға қатысуға рұқсат беретіндігі туралы және конференцияға қатысуға байланысты грантпен қамтылмаған барлық басқа шығындардыңыздың жабуын қолдайтыны туралы мәлімдемесі
Өтініш беру үшін EALC 2024 Басқарушы Комитетінің Төрағасы Елизавета Камилованың атына ealc@nu.edu.kz cc yelizaveta.kamilova@nu.edu.kz электрондық мекен-жайына 2024 жылдың 20 ақпанына дейінмына тақырып жолымен: “EALC-2024 Қатысу Грантына Өтініш” қажетті құжаттарыңызды тапсырыңыз. Өтінімдер 2024 жылдың 20 ақпанына дейін қабылдануы керек және олар түскен кезде тиісті түрде расталады. Барлық өтінімдердің қабылданғаны туралы хабарлама 2024 жылдың 28 ақпанынан кешіктірмей жіберіледі.
ЖАС МАМАН СЫЙЛЫҒЫ
Талаптар мен қатысу нұсқаулығы
“Жас Маман” сыйлығы қазіргі жұмыс орнында немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекше әлеуетін көрсеткен жаңадан білікті кітапхана маманына беріледі. Сыйлық иегері ерекше өнімділік сапасын көрсеткен болуы керек, бұл оның кітапхананың тамаша маманы болатынын көрсетеді.
Талаптар & Қатысу
Жас Маман ретінде танылу үшін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:
- Үміткер Соңғы 5 жыл ішінде кітапхана Ісі және ақпараттану (LIS) мамандығы бойынша алғашқы кәсіби дәрежесін аған болуы керек.
- Қазақстан азаматы болуы міндетті.
- Өзін-өзі ұсыну мүмкіндігіне ие
- Табысты үміткер EALC-2024 конференциясына келіп қатыса алуы керек.
Номинациялар мына электрондық поштасына “EALC Жас Маман” сыйлығы номинациясы” тақырыбымен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін жіберілуі керек: ealc@nu.edu.kz және келесі деректерді қамтуы керек:
- Үміткердің аты-жөні және электрондық пошта мекенжайы
- Қысқаша өмірбаяны, оның ішінде білімі мен жұмыс тарихының қысқаша мазмұны (ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде).
- Номинацияға ұсыну негіздемесі (бұл электрондық поштаның негізгі бөлігінде болуы мүмкін) – 1000-1500 сөз (ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде).
- Қазіргі жұмыс берушінің немесе диссертация жетекшісінің қолдау хаты/ұсынысы (егер үміткер жаңадан бітірген болса).
- Басқа сілтемелер міндетті емес.
- Google Scholar/Scopus сілтемелері (бар болса).
Марапаттау үрдісі Және критерийлері
Марапаттау комитеті бағалау жүргізілгеннен кейін ұсынылған өтінімдердің ішінен бір жас маман сыйлығы иегерін таңдайды. Марапаттау комитетінің мүшелері қосымша әлеуетті үміткерлерді анықтау үшін өз бағалау жұмыстарын жүргізе алады.
Таңдалған үміткер бұл туралы 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін электрондық пошта арқылы хабарланады және 2024 жылғы EALC конференциясы кезінде жеке марапатталады.
Марапаттау комитетінің құрамы:
- EALC Ұйымдастыру Комитетінің Төрағасы
- Назарбаев Университетінің Өкілі
- Сыртқы рецензент
«ЖОО КІТАПХАНАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРІ» АТТЫ ХI –ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
2023 ЖЫЛ ТАҚЫРЫБЫ: “УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІККЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫНА АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ РӨЛІ”
Білімге және Кітапханаларға Ашық Қолжетімділік: Жетістіктер мен Тенденциялар
Білімге және Кітапханаларға Ашық Қолжетімділік: Жетістіктер мен Тенденциялар
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы мен Назарбаев Университеті нің кітапханасы Сіздерді 2022 жылдың 27-28 қазан аралығында Назарбаев университетінде (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) өтетін “Білім мен кітапханаларға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен трендтер” Академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясына (АКЕК-2022) қатысуға шақырады.
Биылғы конференция білімге ашық қолжетімділіктің қазіргі жағдайын (Ашық ғылым, Ашық білім беру ресурстары, Ашық қолжетімді технологиялар және т.б.), білімге ашық қолжетімділікті ілгерілетудегі университет кітапханаларының рөлі мен міндеттерін көрсетеді, сондай-ақ осы саладағы ықтимал жаһандық перспективаларды талқылайды. Конференцияға көрнекті зерттеушілер мен қызықты баяндамашылар қатысады. Ол ауызша баяндамалар арқылы ғылыми пікірталастар, конструктивті ақпарат және озық тәжірибе алмасу алаңы болмақ. Сонымен қатар, кітапханалар мен кітапхана мамандары үшін ашық қолжетімділік мәселелеріне қатысушыларды тарту үшін бірқатар арнайы семинарлар өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері – ағылшын, орыс, қазақ.
[ Конференция сайты ] [ Тіркеу ]
Конференцияның әлеуетті демеушілері ақпараттық өнімдерді, құралдарды және ресурстарды Қазақстандағы және шет елдердегі жоғары оқу орындарының пайдаланушылары мен жетекшілері арасында ілгерілету мақсатында көрмеге қатысуға шақырылады. Конференция демеушілері үшін «қоладан» «платинаға» дейін әр түрлі санаттағы демеушілік пакеттер ұсынылады.
Спикерлерге
Қазіргі уақытта ашық қолжетімділік академиялық және қоғамдық кітапханаларда үлкен рөл атқарады. Ашық қолжетімділік репозиторийлері, ашық қолжетімді журналдар, ашық қолжетімді білім беру ресурстары, зерттеу этикасы, ақпараттық сауаттылық және ашық қолжетімді ғылыми жарияланымдар қазіргі заманғы конференциялар мен семинарларда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады.
Бағдарлама комитеті келесі мәселелерді талқылау үшін осы саладағы көрнекті сарапшыларды шақырады:
1. Ашық қолжетімділік, ашық деректер және ашық білім беру ресурстары (ашық деректер репозиторийлері, ашық деректерді басқару және т.б.);
2. Ашық ғылымдағы зерттеу этикасының мәселелері (ғылыми этика, ақпараттық сауаттылық және зерттеуді электронды қамтамасыз ету және т.б.);
3. Ашық қолжетімді ғылыми жарияланымдар және авторлық құқықтар;
4. Кітапханалардағы ашық қолжетімділіктің технологиялық үрдістері;
5. Халық арасында ғылымды насихаттауға кітапханалардың қатысуы.
Конференция соңында Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысы өтеді.
Біз сізді 2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев университетінің кітапханасында асыға күтеміз!
Тіркеуге өтінім берген барлық қатысушылар тіркеу жарнасын төлеуге тиіс.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ealc@nu.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз.
БАҒДАРЛАМА
«ЖОО КІТАПХАНАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРІ»
Х-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
5-6 МАМЫР 2022 ЖЫЛ ЖҮКТЕП АЛУ
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Сіздерді “Жоғары оқу орындары кітапханасының дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер” атты мерейтойлық X-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.
Конференция 2022 жылдың 5-6 мамырында гибридті форматта өтеді. Өтетін орны: Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Ғылыми кітапханасы.
Конференцияға кітапхана ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, инклюзия, жетекші баспалар мен электронды ресурстар агрегаторларының өкілдері қатысады.
Конференция барысында қазіргі заманғы ұрпақтың АКАЖ мүмкіндіктерін пайдалану негізінде электрондық кітапханалар мен жүйелерді құру бойынша тренингтер өткізіледі және жоғары оқу орындарының оқу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау үшін электрондық ақпараттық-білім беру ресурстарының орны мен маңызын анықтау мәселелері қаралады.
Конференция бағдарламасы ҚР ЖОО кітапханалары қауымдастығының сайтында орналастырылады: http://ulark.kz/
Конференцияның жұмысы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Конференцияға тіркелу мына сілтеме бойынша жүргізіледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeFBcW1gyJS2E5a9edWYkVAimb_s7vhvPzAnaAQQIyexZRNcg/viewform
Үйлестірушілері: Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы, “Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы” ҚБ президенті, Дулати университетінің Ақпараттық-кітапхана орталығының директоры (Тараз қ.) ұялы тел. + 7(701)3286050: ulark.edu.kz@gmail.com; Оразалиев Бахытжан Әсетілдаұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының директоры
Наурыз мерекесі құтты болсын!!!
Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз – көктем мерекесі, жаңа өмірдің бастауы. Бұл күні Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен бейбітшілік, бақыт, амандық, береке мен тұрақтылық тілеймін! Жасампаздықтың, сұлулық пен махаббаттың қуатын шашатын Наурыз халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ұлылығын көрсетеді.