Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі (ЕАКТ) 2024

НУ Кітапханасы Қазақстан Республикасының университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, кітапхана қызметкерлері мен ақпараттық ғылым мамандарын Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі (ЕАКТ) қатысуға шақырады. Еуразиялық кітапханалық тренинг Кітапханалық технологиялар мектебінің (КТМ) жетілдірілген және кеңейтілген бағдарламасы болып табылады. Тренинг кітапхана қызметі саласындағы мамандардың білімі мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Жаңа инновациялық бағдарлама ҚР академиялық кітапханалары қызметкерлерінің ақпараттық және кәсіби қажеттіліктерін қамтиды.

ЖҮКТЕП АЛУ

АЩІАРАТТЫЦ ШАЦЫРУ ХАТЫ

Назарбаев Университеті кітапханасы К,азацстан Республпкасыныц университет кітапханалары цауымдастьггымен бірлесе отьгрып, кітапхана цызметкерлері мен ащіараттык гылым мамандарын Еуразиялыц кітапханалар тренингіне (EKT) цатысуга шацырады. Еуразиялыц кітапханалар тренингі Кітапханалыц технологиялар мектебініц (KTM) жетілдірілген жане кецейтілген багдарламасы болып табылады. Тренинг кітапхана цьlзметі саласындагы мамандардыц білімі мен касіби кузьгреттілігін дамытуга жане жетілдіруге багытталган. Жаца инновациялых багдарлама Щ академиялыц кітапханалары цьІзметкерлерініц ащіараттыц жане касіби кажеттіліктерін цамтиды.

Жүктеп алу

13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы

Назарбаев Университетінің Кітапханасы ИФЛА Кітапхана қауымдастығы басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығы қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарын 13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына шақырады.

“Кітапхана қауымдастығы басқармасы” ИФЛА секциясымен ынтымақтастық әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген кітапхана жетекшілері мен мамандарын тартты. Конференция сонымен қатар өз тәжірибелері мен идеяларымен бөлісуге дайын көрнекті негізгі спикерлерге арналған алаң ұсынады.

Біз сіздерді Астана қаласында қарсы алуға қуаныштымыз.

Конференция тақырыбы:Байланыс, ынтымақтастықжәнеқұрастыру: мамандығымыздыңболашағынқамтамасызетуүшінкітапханалықбірлестіктерменсеріктестіктердідамыту.

Мақалаларды қабылдау және тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін EALC-2024 конференциясының веб-сайтына кіріңіз: https://nu.kz.libguides.com/ealc2024_kz/homekz

Мақалаларды қабылдау және тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін EALC-2024 конференциясының веб-сайтына кіріңіз: https://nu.kz.libguides.com/ealc2024_kz/homekz.

XІI Халықаралық конференциясы

«ЖОО КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» Конференция «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» КЕАҚ 80-жылдығына орайластырылған 2024 жылдың басты тақырыбы: «Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасының кепілі»

БАҒДАРЛАМА XІI Халықаралық конференциясы

«ЖОО КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

Конференция «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» КЕАҚ 80-жылдығына орайластырылған

2024 жылдың басты тақырыбы: «Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық-кітапханалық
қызмет көрсету сапасының кепілі» (Қазақстан, 25-26 сәуір 2024 жыл) 25 сәуір (бейсенбі, бірінші күн) | 9:00 – 18:00

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (Қазақстан, Алматы қ., Гоголя к-сі, 114, 3 қабат, акт залы)
26 сәуір (жұма, екінші күн) | 10:00 – 16:00
SDU University (Қазақстан, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылай хан к-сі 1/1, блок В, 1 қабат, Red Hall акт залы)

АЛМАТЫ, 2024 
25 сәуір 2024 ж. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Гоголь к-сі, 114)

БАҒДАРЛАМА ЖҮКТЕУ

13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы

Назарбаев Университетінің Кітапханасы ИФЛА Кітапхана қауымдастығы басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығы қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарын 13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына шақырады.

“Кітапхана қауымдастығы басқармасы” ИФЛА секциясымен ынтымақтастық әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген кітапхана жетекшілері мен мамандарын тартты. Конференция сонымен қатар өз тәжірибелері мен идеяларымен бөлісуге дайын көрнекті негізгі спикерлерге арналған алаң ұсынады.

Біз сіздерді Астана қаласында қарсы алуға қуаныштымыз.

Конференция тақырыбы:“Байланыс, ынтымақтастық және құрастыру: мамандығымыздың болашағын қамтамасыз ету үшін кітапханалық бірлестіктер мен серіктестіктерді дамыту”.

Мақалаларды қабылдау және тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін EALC-2024 конференциясының веб-сайтына кіріңіз: https://nu.kz.libguides.com/ealc2024_kz/homekz.

ҚАТЫСУ ГРАНТЫ

Басқарушы Комитет Қазақстанның Астана қаласында өтетін 2024 Жылғы Еуразиялық Академиялық Кітапханалар Конференциясына (EALC) қатысуға екі (2) грант ұсынады. Грант Қазақстанның Астанадан тыс өңірлері үшін ғана қолжетімді.

Грант нені қамтиды?

  1. Бүкіл конференция үшін тегін тіркеу жарнасы
  2. Екі жаққа бару билеттері және/немесе тұру құны.

Үміткерлер конференцияға келіп қатыса алуы керек және грантпен қамтылмаған барлық басқа тиісті шығындарды өз мойнына алады. 

Грант иелерінен не күтіледі?
Табысты үміткерлер конференцияға келіп қатысуы және конференцияға және басқа да байланысты іс-шараларға белсенді қатысуы қажет. Бұл сонымен қатар іс-шараны өздерінің жеке әлеуметтік медиа платформалары арқылы бір уақытта насихаттауды қамтиды. #EALC2024 хэштегін қолданыңыз

Конференция қорытындысы бойынша марапатталушылардан конференция тәжірибесі туралы қысқаша мақала (шамамен 800-1000 сөз) жазу талап етіледі. Мақала конференциядан соң 2 ай ішінде Кітап патшалығы журналына тапсыруы қажет.

Қойылатын талаптар:

  • Өтініш беруші Қазақстан азаматы болуы керек
  • Үміткердің ұйымы бірінші рет қатысушы болуы керек және үміткер бұрын конференцияға қатыспаған болуы керек.
  • Өтініш беруші кітапхана қызметкері болуы керек. 
  • Өтініш беруші конференцияға келіп қатыса алатынын мәлімдеуі керек. 

Өтініш Беру Рәсімдері:
Үміткерлер Басқарушы комитеттің қарауына келесі ақпаратты ұсынуы керек: 

  • Сіздің байланыс ақпаратыңыз және жұмыс мәртебесінің қысқаша мазмұны көрсетілген ілеспе хат
  • Мыналарды сипаттайтын 500 сөзге дейін құралған жазбаша өтініш:
    • EALC-ке қатысу конференция тақырыбына жеке және кәсіби түрде сәйкес келуіңізге қалай пайда әкеледі; 
    • Конференциядан алған білімді іс жүзінде жеке және кәсіби түрде қалай қолдануға болады. 
  • Сіздің жұмыс берушілеріңіздің конференцияға қатысуға рұқсат беретіндігі туралы және конференцияға қатысуға байланысты грантпен қамтылмаған барлық басқа шығындардыңыздың жабуын қолдайтыны туралы мәлімдемесі

Өтініш беру үшін EALC 2024 Басқарушы Комитетінің Төрағасы Елизавета Камилованың атына ealc@nu.edu.kz cc yelizaveta.kamilova@nu.edu.kz электрондық мекен-жайына 2024 жылдың 20 ақпанына дейінмына тақырып жолымен: “EALC-2024 Қатысу Грантына Өтініш” қажетті құжаттарыңызды тапсырыңыз. Өтінімдер 2024 жылдың 20 ақпанына дейін қабылдануы керек және олар түскен кезде тиісті түрде расталады. Барлық өтінімдердің қабылданғаны туралы хабарлама 2024 жылдың 28 ақпанынан кешіктірмей жіберіледі.

ЖАС МАМАН СЫЙЛЫҒЫ

Талаптар мен қатысу нұсқаулығы

“Жас Маман” сыйлығы қазіргі жұмыс орнында немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекше әлеуетін көрсеткен жаңадан білікті кітапхана маманына беріледі. Сыйлық иегері ерекше өнімділік сапасын көрсеткен болуы керек, бұл оның кітапхананың тамаша маманы болатынын көрсетеді.

Талаптар & Қатысу

Жас Маман ретінде танылу үшін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  1. Үміткер Соңғы 5 жыл ішінде кітапхана Ісі және ақпараттану (LIS) мамандығы бойынша алғашқы кәсіби дәрежесін аған болуы керек.
  2. Қазақстан азаматы болуы міндетті.
  3. Өзін-өзі ұсыну мүмкіндігіне ие
  4. Табысты үміткер EALC-2024 конференциясына келіп қатыса алуы керек.

Номинациялар мына электрондық поштасына “EALC Жас Маман” сыйлығы номинациясы” тақырыбымен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін жіберілуі керек: ealc@nu.edu.kz  және келесі деректерді қамтуы керек:

  1. Үміткердің аты-жөні және электрондық пошта мекенжайы
  2. Қысқаша өмірбаяны, оның ішінде білімі мен жұмыс тарихының қысқаша мазмұны (ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде).
  3. Номинацияға ұсыну негіздемесі (бұл электрондық поштаның негізгі бөлігінде болуы мүмкін) – 1000-1500 сөз (ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде).
  4. Қазіргі жұмыс берушінің немесе диссертация жетекшісінің қолдау хаты/ұсынысы (егер үміткер жаңадан бітірген болса).
  5. Басқа сілтемелер міндетті емес.
  6. Google Scholar/Scopus сілтемелері (бар болса).

Марапаттау үрдісі Және критерийлері

Марапаттау комитеті бағалау жүргізілгеннен кейін ұсынылған өтінімдердің ішінен бір жас маман сыйлығы иегерін таңдайды. Марапаттау комитетінің мүшелері қосымша әлеуетті үміткерлерді анықтау үшін өз бағалау жұмыстарын жүргізе алады.

Таңдалған үміткер бұл туралы 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін электрондық пошта арқылы хабарланады және 2024 жылғы EALC конференциясы кезінде жеке марапатталады.

Марапаттау комитетінің құрамы:

  • EALC Ұйымдастыру Комитетінің Төрағасы
  • Назарбаев Университетінің Өкілі
  • Сыртқы рецензент

Академиялық Кітапханалардың 12-ші Еуразиялық Конференциясы

Академиялық Кітапханалардың 12-ші Еуразиялық Конференциясы
2023 жылғы конференция тақырыбы “Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар”
(Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан, 19-20 қазан 2023)

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Назарбаев Университетінің кітапханасы сіздерді 2023 жылдың 19-20 қазан аралығында Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) өтетін “Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар” атты Академиялық Кітапханалардың 12-ші Еуразиялық Конференциясына (АКЕК-2023) қатысуға шақырады.

2023 жылдың конференциясы  сандық трансформацияны әлеуметтік трансформация құралына айналдыру және денсаулық пен қауіпсіздікті жоғарылата отырып қоршаған ортаға аз әсер етуді ынталандыру үшін әлеуметтік және эмоционалдық қабілеттерді қоса алғанда, оқуға неғұрлым адами көзқарасқа арналған жаһандық білім беру дамуының жаңа кезеңі ретіндегі “Білім 5.0” жаратылысын қамтамасыз ету үшін академиялық кітапханалардың идеялары, білім және тәжірибелерімен алмасу алаңы болмақ. Конференция көрнекті зерттеушілер мен қызықты спикерлердің ауызша баяндамалары арқылы ғылыми пікірталасының, конструктивті идеялар алмасуының және озық тәжірибелерімен бөлісетін ортасы болмақ.

Біз сондай-ақ көрмеге қатысушылар ретінде әлеуетті демеушілерді шақырамыз. Көрме қатысушысы ретінде сіз пайдаланушылар мен осы саладағы шешім қабылдаушы тұлғалардың назарына ілініп, тікелей маркетинг мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Конференция демеушілері үшін «қоладан» «алтынға» дейінгі әр түрлі санаттағы демеушілік пакеттері ұсынылады. Демеушілік мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпаратты EALC 2023 веб-сайтынан білуге болады.

Ұйымдастырушы комитет Астанадан тыс аймақтардағы қазақстандық кітапханашыларға конкурстық негізде екі (2) грант мүмкіндігін ұсынуда. Бұл грант туралы көбірек білу үшін EALC веб-сайтына кіріңіз.

Жүктеп алу | Конференция сайты | Тіркеу

«ЖОО КІТАПХАНАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРІ» АТТЫ  ХI –ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2023 ЖЫЛ ТАҚЫРЫБЫ: “УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІККЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫНА АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ  РӨЛІ”

Бағдарламаны жүктеу